Кемеңгер - көшбасшы!

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: " Кемеңгер - көшбасшы!"
Ұйымдастырушы: "Техникалық" бөлім ОПУД-11 студенттері
Жүргізуші1: Мұхамбетов Алибек
Жүргізуші2: Бактыгалиева Нұрсұлу
Мақсаты: Балаларға елбасы туралы толық мағлұмат беру. Балалардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Отанын сүюге тәрбиелеу, еліміздің тарихы туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: Елбасы Н. Назарбаевтың суреті, рәміздер,презентация, суреттер, гүлдер, интерактивтік тақта, шарлар.

Ашық тәрбие сағат барысы: Ұйымдастыру.
Гимн орындалады.
Алибек:
Халқына деген шексіз сүйіспеншілігін, сенімін, ерлігі, білімі мен саяси көрегенділігін, бар қажыр-қайраты мен арманын ісімен дәлелдеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі ұрпағына өнеге боларлықтай екені даусыз. Ендеше бүгінгі "Кемеңгер көшбасшы" атты кешімізді елдің елдігін, халқының қамын ойлаған еліміздің алғашқы президенті, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнаймыз. (2 жүрг. Бірге)
Нұрсұлу:Ал енді құрметті достар мен қонақтар біздің тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы көбірек ақпарат алу үшін назарларыңызды бейнебаянға аударсаңыздар.
-Видео
"Тарихтың өзі алдына бас иетін ұлылар біздің ішімізде соншалықты көп емес, бірақ әр адам оны сәл де болса өзгерте алатындай еңбектенуге қабілетті. . . Азамат тарихы өрлік пен сенімнің қисапсыз үлгілері негізінде жасалады". Қазақ халқының тарихына елеулі өзгеріс енгізген, көптен күткен Тәуелсіздігіміздің Туын құлдыратпай дұрыс бағыт көрсеткен, Қазақстан атты елді дүниежүзілік аренаға танытқан осындай ұлы тұлғаның бірі ретінде халқы мойындаған Елбасымызды айта алар едік.
Алибек: Арматтың орындауындағы көшбасшымызға арналған ерекше мәнерлі сөздеріне көңіл бөлейік.
Армат

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: