: Менің президентім - тәуелсіз қазақ елінің абырой-беделін асқақтатып, әлемге әйгіліеткен саңлақ саясаткер.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Нұрсұлу : Жарайсың Армат, ендігі келесі кезекте сұрақ-жауап айдарына көшейік, біздің қойған сұрақтарымызға хормен жауап берулеріңіз сұралады.
2. Сұрақ-жауап: (кезекпе-кезек сұрақ қою, басталады 1 жүргізушіден)
-- Біз қай елде тұрамыз?
-- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
-- Қазақстанның Елордасы қай қала?
-- Елордамыз - Астана.
-- Елбасымыз кім?
-- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-- Қазақстан Республикасының рәміздері?
-- Әнұран, Ту, Елтаңба.
Алибек: Жарайсыңдар достарым, неткен нақтылық, қошеметтеріңіз құрметті қонақтар! Ал Нұрсұлу келесі кезекті тағы бір өз ықыласын көркем сөз арқылы білдіргісі келетін досымызға берсек қайтеді?!
Нұрсұлу: Ия, ия дұрыс айтасың Алибек. Келесі кезекті Мәдиге берелік.
Мәди
Менің президентім - тәуелсіз қазақ еленің экономикасын өркендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жетекші елдермен терезесін тең ұстаған көрген көшбасшы.
Ауыр күнді артымызға тастауы -
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
"Елім, жерім" деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
Алибек: Менің президентім - тәуелсіз қазақ елінің жарқын болашағы жастарымыздың білім алып, еңбек етуіне бағыт-бағдар беріп отырған жанашыр қамқоршысы
Нұрсұлу: Менің президентім - ұлттық тіліміз бен дәстүрлі өнерлеріміздің берік қорғаны- дей отырып, - - - - - Туған жер әнін Асеттің оры
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>