Карым-катынас мадениеті

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

п, жаныңыз жайланып ғұмыр кешу жазылған.

Екі аяғыңызды бір-бірімен орап, матап "тастауға" дағдылансаңыз: Өзіңізге-өзіңіздің сеніміңіз жоқ, не нәрсені де қолыңыздан келмейтіндей, шама-шарқыңыз жетпейтіндей көріп, тайсақтап, қорғаншақтайсыз да жүресіз. Бүгін шешетін, бүгін іске асыратын шаруаны ертеңге қалдыруды "жан тыныштықтың" бір жолы сияқты көресіз. "Ажалдан басқаның бәрі тезірек болғаны жақсы" деген қағида сізге жүрмейді. Бірдеңелерге қол жеткізгіңіз келсе шираңыз, батылданыңыз, әйтпесе бәрінен қорқып-үркіп, кежегеңіз кері кете берсе, қамшының сабындай келте ғұмыр өтеді де шығады.

Аяқты айқастырып, алға созып жіберуді әдет қылсаңыз: Мінез-құлқыңыз өктем, маңайыңызды өзіңіздің айтқаныңызбен жүргізіп-тұрғызғыңыз келеді. Қашанда, қай жер, қай ортада да өзіңіз басшы, өзгелер қосшы болғанын қалайсыз. Басқалар да бар-ау демей, аяқты жамбасыңыз жер иіскеді дегенше айқастырып, алдыға "лақтырып тастайтыныңыз" да сол "менен өткін кім бар" деген ішкі өктем пиғылыңыздың көрінісі. "Алдымен сіз, содан кейін ғана біз" деп өзіңізді пір тұтатын орта болса, жұртпен тіл табысып, тіршілік ету сіз үшін қиынның қиыны. Қадір-қасиетіңіз асып, мысыңыз басып тұрмаса, кім "бұл тұрғанда, мен былай тұрайын" дейді. . . "Адамның күні - адаммен" болғасын "Аяз би, әліңді біл" дегенді бірауық еске алған жөн.

Екі тізенің арасын қосып, табаныңызды жерге төсеп отырсаңыз:
Маған кім не істер екен деп үнемі қорғаныста жүретініңіз болмаса, өз тарапыңыздан бастама көтеруге, ара-тұра болса да әлдебір істің басында, тізгін ұстап отыруға жоқ адамсыз. Жұрт өзіңізді сабырлы көреді, бірақ сізде одан гөрі тұйықтық, жасқаншақтық басым. Біреу бетіңізге жел болып тиді дегенше іренжіп, месел

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: