"Бірлік бар жерде - тірлік бар" Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Осы сөздердің айғағы ретінде «Айгөлек» балалар бақшасының тәрбиешілері тәрбие жұмысының негізіне халықтық педагогиканы ала отырып «Бақытты балалық шақ», «Арайлап атсын таңымыз», «Біз достықты сүйеміз», «Менің Қазақстаным» , «Дос болайық бәріміз», «Әрқашан күн сөнбесін», «Ақпыз,сары,қарамыз», «Тілі басқа,тілегі бір», «Ана тілім, өз тілім», «халық ертегілер әлемінде», атты тақырыпта іс- шаралар өткізіп болашақ ұрпақ тәрбиелеуде . Бұл ,тәрбиелі маңызы зор ,іс -шаралар, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді оятуға бағытталған,сондай- ақ қазақ халқына қанымен тараған инабаттылық,мейірімділік ауызбірлік қасиеттерін дамытады. Ұлттық тәлім-тәрбиені қайта жаңғырту,бүгіңгі таңда біліммен тәрбие беру үрдісінің өзекті мәселесіне айналып отыр.Сол себепті біздің балабақшада ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері,күннің екінші жартысында өткізілетін тәрбие жұмыстары және еңбекке баулу, барлығы бір тәрбиелік маңызы зор мақсатты шешуге ықпал етеді.Мемлекеттік әнұран тыңдау және орындау күнделікті әдетке айналған.Балалар Әнұранды ерекше ынта танытып,патриоттық нышанмен орындайды.Осындай отансүйгіш сәбилерді тәрбиелеп ,Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген тәрбиешілер еңбегі елеулі,халқына қалаулы бола берсін.Тәүелсіз Қазақстанның болашағын жалғастыратын ,жаңашыл,білімді,инабатты,патриоттық ұстанымы жоғары , еліме деген,жеріме деген сүйіспеншілігі мол ұрпақ көп болсын.Бірлігі жарасқан қазақ елі жасасын! Кәсіподақ төрайымы: А.Ж.Сулейманова.
- Рубрика: Детский сад
- Формат: zip
- Просмотров: 176
- Скачиваний: 12