Карым-катынас мадениеті

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

іңіз қайтып, жасып қаласыз. Ешкімге қосылмай саяқ, өзіңізбен өзіңіз жүретініңіз де содан.

Табанның ұшын қосып, өкшені алшақтатып отыруға әдеттенсеңіз:
Кінәмшіл, шамшыл бірақ батылдыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жансыз. Сізге қай істе де болады, не болмайды, жақсы, не жаман деп кесімді пікір айтудан қиын нәрсе жоқ. Көптен танитын біреулеріңіз болмаса, ешқандай ортаға сіңісіп, біреулермен емен-жарқын араласып-құраласып кете алмайсыз. Ойыңызды да, бойыңызды да ширақ ұстаңыз, өзіңізге жетпей тұрған сол.

Тұрғанда. . .

Қос табаныңызды қатар қойып, түзу тұрсаңыз:
Қандай жағдайда да өз қалпыңызды жоғалтпайтын, мінез-құлқыңыз салмақты, тұрмыс-тірлікке икемді, майлық-сулығыңыз бірдей жансыз. Жолдас-жора, жақын-жуықтарыңыздың артық-ауыс сөзіне, іс-әрекетіне кешіріммен қарайсыз. Бұл қасиетіңізді үйдегілер де, түздегілер де жоғары бағалайды. Сондықтан да маңайыңызға ағайын-тума, дос-жараныңыз әрдайым үйіріліп жүреді. Жағыңыз түспей жамандық көрмейсіз.

Салмақты бір аяққа салып, екінші аяғыңызды бос ұстасаңыз:
Біреулермен пікір таластыруға бейім, ойдағыңызды кім қалай қарайды деп кипақтамай ашық айтып тастайтын қызу қандысыз. Көңіліңізге алған, алдыңызға қойған мақсатыңызға иек артпай тыным таппайсыз. Көпшіліктің көңіл аударғанын, халықтың назарында жүргенді жаныңыз сүйеді.

Екі қалтаңызға қол салып, екі аяқтың арасын алшақ қойып, төңірекке нығыздана көз тастауды ұнатсаңыз:
Алған бетіңізден қайтуыңыз қиын, өзіңізге аса сенімді жансыз. Бірдеңені мақсат етсеңіз, соны қалайда орындап шығуға тырысасыз. Дегенмен тым бірбеткей, "өзім білемдіктің" маңайыңызға жұғымды қыла бермейтінін ұмытпаңыз. Үй-ішіңіздегілермен де, сырттағылармен де қалыпты қарым-қатынас жасағаннан ұтылмайсыз.
6. "Гүлдер таңдау&

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: