Кеңес әскерінің соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 млрд сом шығын әкелді. Ауған соғысының ел басына әкелген қайғы қасіретінде шек жоқ. 1979 жылы 25 желтоқсанда басталып,110 айға созылған соғысқа Қазақстаннан 21979 адам қатысты. Оның 780-і соғыста құрбан болды,22-сі із түссіз жоғалды. Қаза тапқандар түгелімен дерлік Қазақстанға әкелініп жерленді. Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі деген сөзді растамасқа болмайды. Отан үшін отқа түс кен боздақтардың өздері жоқ болса да,рухтары қасымызда мәңгі бірге,ұмытпайық!Олар ерлік жасады,бірақ кім үшін? Бұл оқиғалар сөзсіз ерлікпен,қайсарлықтан туған. Ауған соғысына Арқат ауылынан 7адам қатысты. Олар : 1. Темірханов Мағауия
2. Қасымжанов Мәдениет
3. Бармақов Талант
4. Ғарифуллин Сейфолла
5. Каримов Айдар
6. Жұманбаев Асқар
7. Мұсағалиев Қайрат
Б. Момышұлы айтқандай:»Отан үшін отқа түс-күймейсің»,»Айбындылық аспаннан түспейді»,»Анадан ешкім батыр болып тумайды». Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. Қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған соғысының ардагерлерін құрметтейік ағайын!
1. Құттықтау сөз мектеп директоры Б. Тілеубайға беріледі.
2. Әдеби-монтаж. Оқитындар «Ой-сана» орталығының мүшелері.
Жетекшісі:мектеп кітапханашысы Қабдиқызы Айман.
1-оқушы. Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамған
Тұтқиылдап жау тиіп,
Бейбіт күнде басталған.
Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болсам көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген кезде.
2-оқушы. Алысып қас дұшпанмен қасарысқан
Адалдықпен от кешті жас арыстан
Лайық бүгін жылдар жылжып өткен дағы
Жауынгерлер бар құрметпен алғысқа.
3-оқушы. Бір кезде жауыздықпен жүрген сайрап,
Дұшпандар айдалада жатыр жайрап,
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>