ң ішіндегі жағдайы Кеңес Одағын тікелей қатыстыра отырып шешуге тырысты. 1979 жылы маусымда Орта Азия республикасының түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім қабылданды. Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы Түркістан және Орта Азия округтерінің,мұсылман ұлты өкілінен,әсіресе барлаушылар,атқыштар,танкішілер бөлімшелерінен таңдалып алынып,шығыс тілін білу және қайратты болу басты талап болды. Батальон тек қана жаңа техникамен және қару жарақпен жасақталынды. Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан тұрды. Батальон командирі болып өзбек ұлтының өкілі майор Хабид Тәжібайұлы Халбаев тағайындалды. Ол Ташкент маңындағы Шыршықта танкішілер училищесіне жақын жердегі әскер қалашыққа жайғасты. Жаз бойы әскер құрамы мамандықтар бойынша атыс тактикаларын игеруге және жалықпай дене шынықтыру ісіне,қару жарақтың бәр түрінен ату,бетпе бет айқасу,жүгіру,мина істерін игеруге дайындалды. Ауған жетекшілері Кабулдағы кеңестік өкілдер арқылы өз өтініштерін жеткізу туралы сұраныстарын тоқтатпады,ал кеңестік өкілдер болса ауған жетекшілерінің өтініштерін тізбектей жаза отырып,Мәскеуге хабарлама беруден жалықпады. Ал бұлай хабарлама жіберіп отыру,кеңес әскерлерінің 1979 жылдың 25 желтоқсанда Ауғанстанға енгеніне дейінгі күнделікті дағдысына айналды. Сол жылдағы кеңестік сарапшылардың бағалауы бойынша КСРО басшылары қорыта келе қандай революцияны қорғауға жиналғанын білмейтін, оған қоса өздері соңына дейін шеше алмаған қиын қадамға тап болды. Мұсылмандық батальон 10-12қарашада Ташкент,Шыршық әуежайынан ұшырылып Ауғанстандағы Баграм авиабазасына түсірілді. Барлық офицерлермен,солдаттарға ауғандық әскери киімдер кигізді. 1979 жылы 10 желтоқсанда КСРО Қорғаныс министрі Устинов Бас штаб бастығы Огарковты өзіне шақыртып алып,оған саяси бюро Ауғанстанға кеңес әскерле
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>