Интернационалист-жауынгерлер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Интернационалист-жауынгерлер» атты кеш
Кештің мақсаты: Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 20жыл толған айтулы күнді атап өту. Қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұматтар беру. Ауған ардагерлерімен кездесу арқылы ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет алу. Оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу,патриоттық тәрбие беру.
Өтетін орны:мектептің акт залы
Көрнекілігі:слайдтар,бейнесюжеттер,кітап көрмесі,сахнаның безендірілуі
Түрі:кездесу кеші
Пәнаралық байланыс:тарих,Қазақстан тарихы. музыка
Кештің жүру барысы:
1-жүргізуші 1978жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес,оған сырт мемлекеттердің қатысуыменде ұзаққа созылды.
2-жүргізуші. 1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп 10жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22мың Қазақстандық қатысты. Соғыс аяқталғанына биылғы жылы 15ақпанда 20жыл толды.
1-жүргізуші. Құрметті кеш қонақтары,мектеп мұғалімдері,оқушылар Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 20 жыл толуына байланысты «Интернационалист-жауынгерлер» атты кездесу кешін бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші. Баяндама. »Қажетсіз соғыстың қасіреті». Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Медеуов Қуандық.
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып,оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің өз ішінде ғана емес,оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. Ауғандағы және оның айналасындағылардың шиеленісті жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады. Мұндай өтініштер Кабулдағы кеңестік өкілдер:КСРО-ның Ауғандағы және төтенше және өкілетті елшісі А. М. Пузанов,лейтенант Л. Н. Горелов арқылы берілді. Ауғандық өкімет басшылары өз еліні

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: