Интернационалист-жауынгерлер

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

рін енгізу үшін алдын ала шешім қабылдағанын айтып 75-80 мың адамды дайындау тапсырмасын берді. Соңғы шешім 16 желтоқсан күні 12-де шағын ғана кеңес басшыларының тобымен шешілді. 16 желтоқсанда 40-шы Армия құрылып,оның басшылығына генерал-лейтенант Тухариновты тағайындады. 40-шы армияның далалық басқармасын толық жауынгерлік әрекетке келтіріп,Түркістан әскери округінен атқыштар және танкішілер полкін және тағы бір дивизияны толық соғыс қимылына тағайындау тапсырылды. Барлық 100-ге жуық бірлестіктер ұрысқа бағытталды. Әскерді жасақтау үшін резервтен 50мың аға офицерлер,сержанттар шақырылды. Ауыл шаруашылығынан 8 мыңға жуық автомобильдер мен басқа техникалар бөлінді. 24 желтоқсан күні бірінші жазбаша құжат пайда болды. Оған КСРО Қорғаныс министрі Қ. М Устинов бас штаб Огарковтың қолы қойылды. Онда»Орталық Шығыстағы әскери-саяси жағдайға байланысты Ауған үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. Кеңес әскерлерін енгізу,оларды елдің оңтүстігіне орналастыру,Ауған демократиялық республикасына достық ниеттегі,Ауған халқына интернационалдық көмек көрсету мақсатында,сонымен қатар кейбір мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып,оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды»деп айтылды. 1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15-00-де КСРО қорғаныс министрі бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерін енгізу басталды. Командирлер бұл қысқа мерзімдік акция,тапсырманы орындаймыз да кетеміз деді. Ал бірақ тағы үш жылдам астам уақытқа созылатынын олар білмеді. Кеңес әскерінің Ауғанстанға енгізілгені Кеңес басшыларының өрескел болды. Бұл әрекет дүние жүзінде Кеңес Одағына деген сенімді әрекет,сөйтіп қырғи қабақ соғыстың жаңа толқынын туғызды. Ресми деректер бойынша бұл соғыста 15 мыңнан астам Кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты,35 мың адам жараланды.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: