Қимылды ойындар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

қау. Тәрбиешінің қасынан тек ақырын жүріп өтпей, жайлап жүгіріп өте шығуға да болады.
"Мені қуып жетіңдер" ойыны
Балалар бөлменің бір жағында немесе алаңда орындықтарда немесе скамейкаларда отырады. "Мені қуып жетіңдер",-дейді тәрбиеші және алаңның қарама-қарсы жағына қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешіні ұстап алғысы келіп, оның артынан жүгіреді. Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, ол тоқтап қалады да, "Жүгіріңдер, жүгіріңдер, қуып жетемін",-дейді. Балалар өз орындарына жүгіріп барады.
Нұсқау. Ойынды басында балалардың өз тобымен өткізген тиімді, содан кейін ойнайтындардың санын 10-12-ге дейін көбейтуге болады. Тәрбиеші балалардың жанынан жылдам жүгіріп кетпеуі тиіс. Балалар тәрбиешіні Балалар тәрбиешіні
қуып жеткенде, жақсы жүгіретінің айтып оларды мадақтап қойған жөн.
"Торғайлар мен автомобиль" ойыны
Балалар бөлменің немесе аланның бір жағында тұрған орындықтарға не скамеикаларға отырады. Бұлар - ұяларында отырған торғайлар. Аланның қарама - қарсы жағында тәрбиеші автомобильді бейнелер тұрады. Тәрбиешінің: "Жол жүріп ұшып кеттік, торғайлар", -- деген сөзіне балалар аланның бойымен жүгіреді. Қолдарын, құстардың қанаттарын қақаны сияқты екі жағынан бұлғайды. Тәрбиеші біраз уақыт өтккенен кейін: "Байқаңдар, автомабиль келе жатыр, ұшыңдар, торғайлар өз ұяларына" дейді. Автомабиль гараждан шығып торғайлр жаққа бара жатады. Торғайлар ұяларына ұшып барып қонады. (орындықтарға отырады). Автомабиль гаражға қайтадан қайтып келеді.
Нұсқаулар. Басында ойынға балалардың шағын тобы (10 -12 ), содан кейін бүкіл топ қатыстырылады. Тәрбиеші торғайлардың қалай ұшатынын олардың дәндерді қалай шоқитынын алдын - ала көрмсетеді. Балалар торғайларға еліктеп отырып, бұл әрекеттің бәрін орындайды. Содан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: