Қимылды ойындар

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

табуға үйренеді. Ойынды қайталағанда орындықтарды бөлменің әр шетіне орналастыруға болады.
"Поезд" ойыны
Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі - паровоз да, қалғандары - вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. "Поезд станцияға жақындап келеді",-дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте - бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да поездың қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады.
Нұсқау. Алғашында балалар колоннаға кез келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды-өз вагонын табуды үйретеді. Ойынның сюжетін өзгертуге де болады, мысалы, поезд көлдің жанына тоқтай алады, онда балалар қайықта серуендеуді, балық аулауды және т. б. бейнелейді.

"Шеңберге түсір" ойыны
Балалар ортада жатқан диаметрі 1-1,5 м үлкен шеңберден немесе дөңгелектен (жіптен немесе еденге сызылған) 2-3адам жерде дөңгелектеніп тұрады. Балалардың қолында құм салынған қап бар. Тәрбиешінің "Лақтыр!" деген сигналы бойынша балалардың бәрі қаптарын шеңбрге лақтырады. Одан кейін тәрбиеші: "Қаптарды көтеріндер!" - дейді. Балалар қаптарын көтереді де, орындарына барып тұрады. Ойын 4-6 рет қайталанады.
Нұсқау. Қапты екі қолмен лақтырулары керек.





Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: