Қимылды ойындар

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

кейін ойынға автомабиль рольін көрсетуге болады. Мұны тәрбиешінің өзі орындайды. Тек біраз қайталаулардан соң, ол оны белсенді балаға тапсырады. Автомабиль өте қатты жүрмейді. Сөйтіп ол бүкіл құстарға өз ұяларына жетуге мүмкіндік береді.
"Жалғыз аяқ жолмен" ойыны
Тәрбиеші еденге ұзындығы - 2,5-3 м бір - бірінен қашықтығы - 25-30 см екі параллель сызық сызады (немесе екі жіпті салады). Ол балалардың орман ішінде қыдыруға баратыны жөнінде әңгімелеп береді. Жалғыз аяқ ұзын тар жолмен еппен жүру керек. Сызылған екі сызықтың бойымен балалар бірінен соң бірі жайлап жүріп келеді. Сосын кері қарай қайтады.
Нұсқау. Балалардың сызықты басып кетпеуін, бір - біріне кедергі жасамауын, алдында келе жатқан балаға соқтықпауын тәрбиеші қадағалайды.

"Маған қарай жүгіріңдер" ойыны
Балалар аланның бір жағына қойылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші қарама - қарсы жағында тұр. Ол: "маған қарай жүгіріңдер. Бәрі - бәрін де маған қарай жүгіріңдер!"- дейді. Балалар барлығында құшақтағысы келгендей құшағын кең жайып өздерін жылы ұшырай қарсы алып тұрған тәрбиешіге қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешінің жанына жиналып болған соң, ол аланның басқа жағына барып, тағы да: "Маған қарай жүгіріңдер!" -дейді. Ойын 4- 5 рет қайталанады. "Үйге қарай жүгіріңдер!"- деген сөзіне балалар орындықтарға қарай жүгіреді, отырады және дем алады. Ойынның ережесі бойыша тәрбиешіге қарай " маған қарай жүгіріңдер!" -деген сөзден кейін ғана жүгіруге болады. Итерісуге, бір - біріне бөгет жасауға болады.
Нұсқау: Ойнағысы келгендерді шағын 2 топқа бөлуге болады. Әзірше бір топ ойнайды. Басқасы қарап отырады. Сосын олар рөлдерін ауыстыралды. Алғашында балалар кез - келген орындықты иемденуіне болады. Бірте - бірте олар өз орындарын

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: