Қимылды ойындар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қимыл-қозғалыс ойындары

Өлеңті жалпы орта білім беретін мектеп
"Бөбектер" шағын орталығы

Тәрбиеші: Кажикова Айсулу Тулеутемировна






Қимыл-қозғалыс ойындарының тізімі:
1. "Кім баяу?"
2. "Допты қуып жет"
3. "Таяқшадан аттап өт"
4. "Жай жүріп өт"
5. "Мені қуып жетіңдер"
6. "Торғайлар мен автомобиль"
7. "Жалғыз аяқ жолмен"
8. "Маған қарай жүгіріңдер"
9. "Поезд"
10. "Шеңберге түсір"





"Кім баяу?" ойыны
Балалар тәрбиешімен бірге жүріп келе жатыр. Күтпеген жерден ол: "Ал енді көрелік, сендердің іштеріңнен кім өте баяу, аяқтың ұшымен жүре алады. Міне былай", -- дейді (көрсетеді). Балалар аяқтарының ұшын көтеріп, мүмкіндігінше жай жүруге тырысады. Олар сол жүріп келе жатқан бағытта жүруді жалғастыра береді. Содан кейін тәрбиеші білдірмей бір жаққа қарай шегініп: "Ал енді бәрің де маған қарай жүгіріңдер",-дейді. Балалар тәрбиешіге қарай жүгіреді, оны қоршап алады, ал ол балалармен әңгімелеседі, олардың жаттығуды жақсы да тырысып орындағанын атап айтады.
Нұсқау. Үш жастағы кейбір балалар аяқтарының ұшымен жүрген кезде басын жасанды төмен салбыратып, иығын ішіне тартып жүреді. Оларға өздері сондай жай жүріп келе жатқан болып көрінеді. Балалардың қатесін көрсетіп, оларды жөндеуге тырысу керек.
"Допты қуып жет" ойыны
Балалар алаңда өзді-өзі ойнап жүреді. Тәрбиеші біршеше балаларды атап шақырып, допты қуып жетуді және онымен ойнауды ұсынады. Балалардың аттарын атай отырып, тәрбиеші кезекпе- кезек әр түрлі бағыттарға допты домалатады. Әрбір бала доптың артынан жүгіріп, оны ұст

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: