кез адам санасы дамуының төменгі сатысында тұрған шақ еді. Мыңдаған жылдар өте келе көшпелі өмір кешкен бабаларымыз тіршілік барысында практикалық іс-әрекеттің нәтижесінде жаңа заттардың қасиетіне үңіле тусіп, құбылыстардың сырынаша білді. Адамзат баласының даму эволюциясына байланысты дүниетаным деңгейі де өсіп күрделене түседі. Өйткені адамның дүниені тануы табиғат туралы білімдердің жиынтығының сол кездегі өмір сүрген қоғам арасындағы байланысты негізінде өрбиді. Адамның ой-өрісі өзін қоршаған табиғат, ондағы құбылыстар туралы білімдерді неғұрлым толыққан сайын, дүниетаныы да соғұрлым байып тұрақтанады. Тарихи зерттеулер тас дәуірден бері өмір сүріп келе жатқан қазақ халқының арғы ұрпақтарының малмен, егіншілікпен айналысып, жартылай көшпелі өмір сүргенін дәлелдейді. Тіршілік ету барысында осы аталған кәсіптің барлығында да еңбек құралдары қажетболды, әрі олардың сапалы болуына да мән берілді. Көшпелі өмір салтын үнемі көшіп жүруге ыңғайлы тұрмыс бұйымдарының формасына әсер етті, яғни бұымдар көбіне дөңгелек шар тектес не түбі жалпақ болуы керек болды Мұндай пішіндер дала көшпенділері үшін қолайлы болды. Өзін қоршаған табиғаттағы заттар мен ондағы жүріп жатқан құбылыстар (реакциялар) турылы ата-бабамыздың мынадай реттегі (алгоритм) түйсінуі қалыптасты. Затқа ат берді - ата, оны танымды - құрамын білді - құрастырды (мәлімет жинады) - сипаттар себебін түсіндірді - оны анықтады - құбылысты жүргізді және өмірде қолдана білді. Осы бағыт бойынша ғасырдан ғасырға өте "заттар", "құбылыстар" туралы мағлұматтар көбейе тусті. Құбылыс - қошаған дүниеде, айналада болып тұратын әр түрлі (химиялық, биологиялық, физикалық) өзгерістер. Жалпы құбылыс - сезімдік мүшеленрдін қабылдау түйсігі. Металдарға байланысты құбылысты ата-бабаларымыз темірден жасалынған бұйымда
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>