ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

нешеге тең? (21,5 г/см3)
5. 10000С - ден төмен балқитын металдар не деп аталады? (Оңай балқитындар)
6. Металдардың жеңіл және ауыр деп қандай қасиетіне байланысты бөлінеді? (Тығыздығына)
7. Периодтық жүйедегі галогендер орналасқан топ. (VII топ, А негізгі топша)
Оқушыларды 3 топқа бөлемін.
І топ s - элементтердің жалпы сипаттамасы
ІІ топ Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері
ІІІ топ Сілтілік металдардың химиялық қасиеттері.
Ортасы
Мағынаны тану
"Жаңа сабақ құпиясы" Мәтінмен жұмыс
2-қадам І топ. s - элементтердің жалпы сипаттамасы
s - элементтер өздерінің валенттік электрондарын оңай береді де, күшті тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Бұл қасиет ІІ топтың элементтеріне қарағанда І топтың элементтерінде айқынырақ байқалады. Атомдардан электрондарды үзіп алу энергиясы сыртқы электрондардың саны артқанда өседі және атом радиусы артқанда кемиді.
Ядродан қашықтаған сайын ядромен валенттілік электрондардың байланысы әлсірейді, сондықтан бұл металдардың химиялық белсенділігі топтарда артады. Бұл элементтердің сипаттамаларын салыстыру көрсеткендей, цезий атомынан сыртқытэлектрон жеңіл үзіледі, сондықтан цезий ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.
ІІ топ. сілтілік металдардың физикалық қасиеттері
Сілтілік металдардың физикалық қасиеттері көбінесе кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді.
Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті, олар жұмсақ. Бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы литийден цезийге қарай төмендейді, себебі атомдардың шамасының артуынан кристалдық тордағы металл атомдарының байланыс энергиясы кемиді.
Барлық сілтілік металдар жылу мен электр тогын жақсы өткізеді.
ІІІ топ. Сілтілік металдардың химиялық қасиеттері
Химиялық қасиеттері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: