еше адам бірнеше сұрақ қоятын болса, әр сұрақ нөмірленеді. Барлық сұраққа жауап беретін баян - дамашы болғандықтан, ол адамның аты-жөні қайталанып жазылмайды. Мысалы,
СҰРАҚТАР:
Н. Ә. Әміреев: ---
Жауап: ---
А. Б. Тұманова: ---
Жауап: ---
8. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет. "ЖАРЫССӨЗ:" деген сөз азат жолдан, үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылады. Жарыссөз күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша болса, 1. ЖАРЫССӨЗ: деп, ал екінші мәселе бойынша болса, 2. ЖАРЫССӨЗ: деп, ал күн тәртібінде бір ғана мәселе болса, нөмірленбейді, ЖАРЫССӨЗ: деп қана беріледі. Бұл бөлімде сөз сөйлеушілердің айтқан нақты пікірлері мен тұжырымдары жазылады. Мысалы,
ЖАРЫССӨЗ:
Бұл жерде мәжіліске қатысушылардың айтқан ұсыныс, пікірлері жа - зылады.
9. Дауысқа салу. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе қаралып болған- нан кейін, сол мәселе бойынша жиналысқа қатысушылар қаулы қабыл- дау / шешім шығару үшін қаралған мәселені дауысқа салады. Мысалы,
"Иә" деп дауыс бергендер саны - 14
"Жоқ" деп дауыс бергендер саны - 0
"Қалыс қалғандар" саны - 0.
10. Қабылданған қаулы (шығарылған шешім) туралы мәлі- мет. Жиналыста (мәжілісте, отырыста) күн тәртібіндегі қарас- тырылған мәселелер бойынша шешім шығарылады немесе қаулы қабылданады.
Қажет болған жағдайда: қаулы немесе шешім мәтінінде нақты не істеу керектігі, яғни оған жауапты қызметкердің аты-жөні және орындау мерзімі көрсетіледі. "ҚАУЛЫ" және "ШЕШІМ" деген сөз үлкен, қоюлатылған әріптермен жолдың ортасына жазылады. Мысалы,
ШЕШІМ:
Эдвайзерлік жұмысты қадағалау Нұрлан Әденұлы Әміреевке жүктелсін.
Хаттаманың шешімі "жүктелсін", "ұсынылсын", "қаралсын", "қанағаттандыр
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>