ылсын", "қабылдансын", "шығарылсын" деген бұйрық райда жазылады.
11. Төрағаның және хатшының қолы. Хаттамаға мәжілісті жүргізуші төраға мен мәжіліс барысын хаттамаға жазып, рәсімдеген хат - шы қол қояды. Мысалы,
Төраға: Г. Нұрышева.
(қолы)
Хатшы: Ә. Қалығұлова.
(қолы)
1-жаттығу. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
1. Жиналыстың күн тәртібіне. . . 2. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша С. Ермековтың . . . . 3. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойын - ша үш адам . . . . 4. С. Ермековтың пікірін көпшілік . . . . 5. Бірінші мәселе бойынша . . . . 6. Дауысқа салған кезде . . . болған жоқ. 7. . . . директордың орынбасары А. Халықов хабарлама жасады.
Керекті тілдік бірліктер: қалыс қалғандар, қаулы қабылданды, жарыссөзге шықты, баяндамасы тыңдалды, үш мәселе қойылды, бірауыздан мақұлданды, екінші мәселе бойынша.
2-жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1. тыңдалды / баяндамасы / факультет / С. Алдамжаровтың / деканы.
2. қосымша / тіркелді / хаттамаға / баяндама / мәтіні.
3. сұрақтар / бойынша / баяндама / қойылды.
4. берілді / толық / сұрақтарға / жауап.
5. жасады / ісі / хабарлама / қысқы / С. Қарымсақов / туралы / жөніндегі / сессияға / орынбасары / оқу / дайындық / деканның.
6. емтихан / тестке / маңызды / көрсетілді / мәселелер / қатысты / мен / ауызша / атап.
7. пәндер / тест / емтихан / өз / бермей / нәтижесін / алу / арқылы / бойынша / кейбір / отыр.
3-жаттығу. Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.
1. шешім
сообщение
2. қорытынды
информация
3. мәжіліс
доклад
4. ақпарат
отчет
5. хабарлама
заключение
6. жарыссөз
решение
7. қаулы
постановл
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>