софия ғылымдарының докторы, профессор Г. Ж. Нұрышева.
ХАТШЫ: Гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистенті Ә. С. Қалығұлова.
5. Қатысқандар мен қатыспағандар туралы мәлімет. Жиналысқа қатысушылардың аты-жөні, лауазымы жазылады. "ҚАТЫСҚАНДАР:" деген сөз азат жолдан үлкен әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. Содан кейін азат жолдан бастап қатысқандардың лауазымы, аты-жөні тізбелеп жазылады. Мысалы,
ҚАТЫСҚАНДАР:
Ж. Т. Дәулетбекова - п. ғ. д. , профессор.
А. Б. Тұманова - ф. ғ. д. , профессор.
М. Ж. Әбдіров - т. ғ. д. , профессор.
Ж. Б. Әбілғожин - т. ғ. д. , профессор.
Р. С. Рахметова - п. ғ. д. , профессор.
З. К. Аюпова - профессор.
Серік Қожа-Ахметұлы Мырзалы - профессор.
Ғ. А. Жайлин - з. ғ. к, доцент, профессор
Ғ. О. Тажина - б. ғ. к. , доцент
Ә. З. Камалиденова - философ. ғ. к. , доцент
Н. Ә. Әміреев - п. ғ. м. , аға оқытушы.
Г. К. Өтебаева - п. ғ. м. , аға оқытушы.
Б. Р. Бекенова - аға оқытушы.
Мәжіліске қатысушылардың ішінде басқа ұйымнан келіп отырғандар болса, олардың аты-жөні, лауазымымен қоса ұйымның ресми атауы да жазылады. Мысалы,
А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Г. Көбденова.
Мәжіліске қатысушылардың саны көп болған жағдайда оларға жеке тізім жасалып, ол хаттамаға қосымша ретінде беріледі. Тізімдегі аты- жөндер әліпби тәртібімен немесе лауазым, дәрежесіне қарай иерархиялық тәртіппен жазылады. Қатысқандар тармақшасында олардың жалпы саны ғана көрсетіледі. Мысалы,
ҚАТЫСҚАНДАР: Жалпы саны - 14.
Немесе:
ҚАТЫСҚАНДАР:
Дәлелді себептермен келмегендері - 1.
Дәлелсіз себеппен келмегендері - жоқ.
Қатысқандардың жалпы саны - 14.
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>