тысқандар мен қатыспағандар туралы мәлімет.
8. Күн тәртібі.
Негізгі бөлік:
9. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет.
10. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет.
11. Дауысқа салу.
12. Қабылданған қаулы / (шығарылған шешім) туралы мәлімет.
13. Төрағаның және хатшының қолдары.
Бұлардың әрқайсысын төмендегідей үлгіде толтыруға болады.
1. Мекеменің, (ұйымның, кәсіпорынның) атауы. Мекеменің атауы және өткізіліп отырған шара түрі ісқағазының ортасына жазылады. Мы - салы,
Халықаралық Бизнес Академиясы,
Қаржы-экономика факультеті,
Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
2. Құжат нөмірі мен құжат атауы. Жаңа жолдың ортасына үлкен, қоюлатылған әріптермен құжат нөмірі мен атауы жазылады. Мысалы,
7 ХАТТАМАСЫ
Хаттамалар күнтізбелік жыл бойынша нөмірленіп отырады. Келесі жылы қайтадан 1-ден бастап нөмірленеді. Оқу орындарының хаттама - лары күнтізбелік жылдан бастап емес, әр оқу жылының басынан бастап нөмірленеді.
3. Жиналыстың (мәжілістің, отырыстың) өткізілген орны мен күні. Жиналыстың өткізілген орнына кәсіпорын я мекеме орналасқан елді мекеннің атауы мен жиналыстың өткізілген күні жазылады. Мыса - лы,
Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
Хаттамаға оның жазылған немесе рәсімделген күні, я болмаса төраға мен хатшының қол қойған күні емес, міндетті түрде жиналыстың өткізілген күні жазылады. Егер жиналыс бірнеше күнге созылатын бол - са, онда басталған күні мен соңғы күні көрсетіледі. Мысалы,
2011 жыл, 11-14 қаңтар
4. Жиналыс төрағасы мен хатшы туралы мәлімет. Жиналысқа төрағалық етуші лауазымды тұлғаның қызметі, аты-жөні жазылады. Келесі жолға хатшы туралы мәлімет жазылады. Мысалы:
ТӨРАҒА: Гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, фи - ло
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>