ямыз. Ағаштың түбін қазғанда тамырды зақымдамау үшін әр түрлі тереңдікте қазамыз.
Минералды тынайтқыштар туралы химия пәнінің мұғалімі айтып берді.
5-бет. Сөздің көркі -мақал.
Бұл бөлімде бір оқушы тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айтты. Басқа оқушылар оның мағынасын түсіндірді.
-Күз суар, күз суармасаң, жүз суар.
-Ағаш өсірсең аялап, болар басыңа сая бақ.
-Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.
-Жеміске жылдам піс деме, иісі анқымай тістеме.
-Сабырлық көктей жұлмауға үйретеді.
-Ас атасы-нан.
Нан атасы дән.
6-бет. Жаңға шипа, дертке дауа.
Мұнда тамырының дәрілік қасиеті бар өсімдіктер туралы хабарламалар айтылды.
Бақбақ - биіктігі бес сантиметр, сындырғанда сүт сияқты ақ түсті сөлі шығатын көпжылдық шөп. Жапырағы ұзынша келеді, шеттері тілінген қауырсын сияқты тамыр мойнына жабыса өседі. Қазақстанда Еуропа, Кавказ, Орта Азияда ылғалы мол шабындық жерлерде, ашық алаңдарда, өзен жағалауларында, жол бойында өседі. Бақбақ тамырының дәрілік қасиеті бар. Тамырынан ұнтақ жасап, асқазан жұмысын жақсарту және тамаққа тәбет арттыру үшін күніне үш мезгіл тамақ алдында сумен араластырып ішеді. Бұл жағдайда ұнтақ өте аз мөлшерде, пышақ ұшымен ғана алынады.
Көкпек - көпжылдық өсімдік. Оның тамыр сабағы айтарлықтай жуан, тамыр бүрлері өте жиі болады. Сабағы түзу боп өсетін оның биіктігі 35 см-ден 120 см-ге дейін жетеді. Кезектесіп келетін жапырақтарының сыртқы түкті, пішіні жұмыртқа тәрізді сопақ келеді. Көкпек тамырынан жасалған препараттарды қақырық түсіретін дәрі ретінде тыныс мүшелерінің созылмалы іріңді ауруларына, созылмалы және асқынған бронхитке қарсы қолданады. Біздің республикамызда Ақтөбеде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстарында өседі.
7-бет. Табиғатты аяла.
Топырақты
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>