Гүлдің құрылысы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ң қоректі қасиеттерін арттырып, ауылшаруашылық өсімдіктерінен мол өнім алу үшін адамдар аса қуатты техника күшін жұмсайды. Топырақтың түріне қарай бірін суарады, екінші бірін құрғатады. Енді бірін түрлі әдістермен өңдейді. Мұнан топырақтың болашағы да адам әрекетіне бағынышты екені көрінеді. Қазіргі табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану мәселесі бүкіл халықтың міндеті болып отырған уақытта, топырақты қорғауға да зор көңіл бөлінуге тиіс. Бүгінгі таңда республикамызда астық дақылдарын егу алаңын кеңейту көзделіп отыр. Оның ішінде Алматы облысы да ауылшаруашылық аудандардың бірі болып есептеледі
8-бет. Сандар сөйлейді.
1. Өсімдікке келген 1000 л судың тек 1,5-2 литрі қоректенуге жұмсалады, ал қалған 998 литрі өсімдік бойымен өтіп, оның ұлпаларында судың әрдайым жеткілікті болуын қамтамасыз етеді.
2. Жүзгін атты өсімдіктің тамыры 15-20 метр тереңдікте болады және ол қандай құмды боран болса да мызғымайды.
3. Тамырдың 1 мм2 бетінде 200-ден 400-ге дейін тамыр түкшелері болады, тамырдың сору беті 18 есеге жуық өседі.
4. Тамыр жүйесіндегі тамырлардың көптігінен ол өте ұзын болады. Мысалы:
Жантақ тамырының ұзындығы 25-20 м, жылыжайда өсірілген қарабидайдың барлық тамырының жалпы ұзындығы шамамен 623 км-дей болған.
5. Топыраққа шашылған 1т азот тыңайтқышы қосымша 10 т қант, 20 т астық алуға мүмкіндік береді.
9-бет. Әдеби бет.
Оқушылар табиғат, өсімдіктер туралы ақындардың өлеңдерін жинақтап, ортаға салды.
Ей, табиғат шеберсің-ау, шеберсің
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің
Ұлан-ғайыр байлығымды місе етпей
Аш көзденген адамдарға не дерсің?!
Айын анау, күнің мынау, жер мынау
Ей адамдар, жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын,
Асырайда ол сені,мені,елді де.
М. Мақатаев
Қазақ

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: