Дене шынықтыру сабағы Сабақтың тақырыбы: Гимнастикалық ағаш аттан аяқты ашып секіру
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ағаш аттан секіру техникасын
үйрету,меңгерту;
Дамытушылық: Спортқадеген қызығушылығын арттыру; Ептілікке , шапшаңдыққа тәрбиелеу; Дене бітімдерінің дұрыс жетілуіне көңіл бөлу.
Тәрбиелік: Жинақылыққа, белсенділікке және өзіндік жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практика және ойын.
Әдісі: Түсіндіру, үлгі көрсету
Керекті спорттық құралдар: Гимнастикалық ағаш ат, секундомер, гимнастикалық төсеніш, ысқырық.
Сабақтың барысы:
Дайындық бөлімі- 15-17 минут
Сыныпты сапқа тұрғызып амандасу. Сыныпты түгелдеу, формаларын қарап шығу. Саптағы бұрылу жаттығуларын орындату.
- Жалпы жетілдіру жаттығуларын жасату:
1)Ара қашықтықты сақтап қатармен жүру.
2) Қолды жоғары созып, алақанды созып, алақанды ішке қаратып аяқтың ұшымен жүру. 3) Қолды белге қойып, басты тік ұстап өкшемен жүру, аяқты бүкпеу. 4)Қолды белге қойып, жартылай содан соң толық отырып жүру.
5) Бастапқы қалыппен жүру.
6)Спорттық жүріспен жүру және жүгіру.
7)Қолды белге қойып сол қапталмен, оң қапталмен жүгіру.
8)Қолды белге қойып, тізені бүкпей, аяқты алға созып жүгіру.
9)Қолды алға айналдыру, аяққа кезектестіріп жүгіру.
10) Артпен жүгіру, сол қол жақпенқарап.
11)Санақ бойынша жүгіру және спорттық жүріс. -Дене жаттығуларын жасату:Екі қатарға тұрғызып:
1) Бастапқы қалып. Қолды белге қойып, аяқты иық көлеміндей етіп ашып,
мойнымызды санақ бойынша солға 4- рет, оңға 4-рет толық айналдыру. 5-6 рет қайталау.
2) Бастапқы тұрыс. Қолды иыққа қойып, аяқты иық көлеміндей етіп ашып алға 4-рет, артқа 4-рет иықты, шынтағымызды толық айналдырамыз. 5-6-рет -қайталау;
3) Бастапқы тұрыс . Қолды кеуде тұсына бүг
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>