ашықтандыру. Оқушылардың қос аяқпен секіріп мініп , қолды алға созып бірдей етіп тіреп отыруын қадағалау, қателіктері болса айтып түсіндіру, түзету. Жүгіріп келіп ағаш аттан ұстамай қос аяқпен мініп алға секіре ағаш аттың бас жағына қолды қойып итеріле аяқты қосып денені тік ұстап , қолды екі қапталға созып түсу жаттығуын мұғалімнің көмегімен орындату содан соң өздіктерінше орындату. Жүгіріп келіп секіріп ,қолды алға созып ағаш аттың орта тұсынан ұстап отыру жаттығуын орындату. Осы жаттығуды үш-төрт рет қайталату.
Оқушылардың орындағанын мұқият қадағалап кемшіліктері болса айтып түсіндіру. Соңынан өздіктерінше орындату. Сыныпты екі топқа бөліп секіруге арналған эстафеталық жарыс ұйымдастыру.
1)Бір аяқпен секіріп жарысу
2) Бақаша секіріп жарысу
3) Капитандар сайысы
Қорытынды бөлім- 3-5 минут
Қайта бір сапқа тұрғызу. Үйге тапсырма беру. Көзге түскен және бағасы аз оқушыларды деңгейіне қарай бағалау. Оқушылармен қоштасып қатармен киінетін бөлмеге жіберу.
Страницы: << < 1 | 2 | 3