Ұйымдастырылған оқу қызметінің
 8 технологиялық картасы
Өткізген:Жакуова. Б. Ж 
Өткізу мерзімі:21. 10. 17. ж. 
Топтың жас ерекшелігі:12ортаңғы топ 
Білім беру саласы:«Коммуникация» 
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту». 
Тақырыбы:«Әңгімеле. . . » (балалардың екі түрлі ойыншықты бейнелеп, сипаттау әңгімесін құруы). 
Мақсаты: ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету
Міндеттері:
БМ:қандай?сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету. 
ДМ:сөздік қорларын байыту. 
ТМ:ұқыптылыққа баулу. 
Қолданатын құралдар:ойыншықтар. 
Сөздік жұмыс: ботақан, құлыншақ. 
Қостілділік компонент:құлыншақ-жеребёнок,ботақан-верблюжонок,мысық-кошка. 
 Қызметтің
кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
 Мотивациялық-
 қозғаушылық
М. Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру:
 Біздерде бар қуыршақ,
 Бұзау, қозы, құлыншақ. 
 Ойыншықтар тыңдайды,
 Айтқаныңнан шықпайды. 
Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды. 
Ұйымдастырушылық
 ізденістік
Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасайды. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ойыншықтармен танысатындарын айтып, балалардан топта, үйлерінде қандай ойыншықтар барын сұрайды. 
-Сенің қандай ойыншығың бар?
-Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе?
-Қандай? (үлкен, кішкентай). 
-Сен онымен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба?
-Ойыншықтардың тұратын жерін білесің бе?
Ойыншықтарды лақтырмай, сындырмай, ұқыпты ойнау керектігін айтады. 
Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық». 
-Қане, сандықта не бар екен? Деп балалардың көңілін аударады. 
-Ботақан, мысық, құлыншақ бар екен. 
-Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық. Әңгіме құрастыруға көмектеседі. 
Ботақан, құлыншақ турал
		Страницы: 1 | 2 > >>
