соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі. С. Мұқанов.
4-оқушы. Слайд. "Жамбыләлемі" Фотосуреттер.
Жамбылдың үрім бұтақтары жөнінде әңгімелеу.
5-оқушы: " Халық - менің шын атым.
Жамбыл деген - жай атым,
Халық - менің шын атым,
Жай - құйрығым, қанатым,
Қазақстан- Отаным.
Қалаған бақыт мұрасын.
Кеңес - менің мыңдап жыл.
Аңсап тапқан мұратым.
Жаңқамды жауға бермеске,
Отанға берген бар атым.
Миллион- миллион барлық жан ,
Арыстан жүрек ер балам,
Сарқылғанша талшы қан,
Қорған, шебін құратын,
Жау мойынан жұлатын-
Атым осы болатын. . .
6-оқушы:Балаларға.
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп, тұра алмаймын,
Ішінен асып, кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді , міне , Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейіріне қанған,
Қуанып жастығына сендей, ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз- түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
7-оқушы:Жаныс ақынға.
Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен Сыйынбай!
Сырлы, сұлу сөздері,
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай!
Екпініме кезіккен
Кетер ме екен жығылмай!
Құлаштап бір кетейін,
Көбен құсап тығылмай. . . .
8-оқушы:Шындық туралы.
Осынау жалпақ жалғанда,
Жамбыл қартың талмады.
Іздеуден шындық жүрегі,
Бір уақыт та тынбады.
Жетпіс бес жыл өткеше,
Дауылда ұшқан кептерше,
Көз ұшында бұлдырап,
Қуған шындық зарлады.
Ұшқыр ойым ұмтылды,
Сонда да оға
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>