гілі жыршы атанды. Ол "Көрұғлы", "Мұңлық- Зарлық", "Шаһнама", "Қыз Жібек" сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.
2-оқушы: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.
3-оқушы:Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған. Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.
Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, "Халық поэзиясының алыбы", "ХХғасырдың Гомері", "Жамбыл - менің жай атым, халық- менің шын атым" деген ұлы тұлға. 1938 жылы "Ленин" орденімен, 1939 жылы "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді. Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп , Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері,дастандары бар.
3-оқушы: Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген бағасы.
Жамбыл - ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау бет - бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрә айтыс ақыны, әрә азаматтық әуеннің де ақыны. М. Әуезов.
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
С. Сейфуллин.
Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың.
І. Жансүгіров.
Жамбыл- жүз жасаған адам,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>