екей көрдің бе?
"Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйықта" дедің бе?
Қалай қиып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?. . .
15-оқушы: Ленинградтық өренім.
Ленинградтық өренім ,
Мақтанышым сен едің !
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағындай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін
Өркеш- өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім. . . .
16-оқушы: Алатау
Тізілген таулары бар жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың.
Дариядай тулап аққан сол таулардан
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін
Өрік, алмағ алмұрт, жиде жемістер көп,
Бір татсаң , аузыңнан дәм кепейтін. . . .
17-оқушы : Аққу едім.
Жамбыл ем, кеше кім едім,
Дуадақ едім шөлі жоқ,
Аққу едім көлі жоқ,
Сыбызғы едім үні жоқ,
Асыл едім құны жоқ.
Енді , міне , кім болдым,
Елім сүйген жыр болдым.
Көрермендермен ойын. Сөзжұмбақ.
1. Жамбылдың әкесінің есімі.
2. Дүниеге келген айы.
3. 1881жылы Жетісуде қай айтыскер ақынды жеңіп алды?
4. Жамбылдың ұстазы кім?
5. Жамбыл жас ұрпақты неге шақырады.
6. Жамбыл1938жылы қандай орденмен марапатталды?
7. Жамбыл қанша жасаған?
8. Жамбылдың ұлының аты кім?
9. Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп аталады?
10. Екі ақынның бір- бірімен жарысар өлеңі.
11. Жамбылдың шәкірті кім?
12. Алматы қаласының патшалық кезеңдегі аты.
Келесі ән шашу 7 "Ә" сынып оқушысы Серікбай Назгүлдің орындауында.
Кітапханашы: Сиынып аруағына бабамыздың,
Киесін ұққандаймын даламыздың.
Жырлары-шежіресі еліміздің,
Сырлары-сағынышы санамыздың.
Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың 172 жылдығына арналған тәрбие сағаты аяқтал
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>