сияқты белгілері бар балаларға барады.
2-ші нұсқа: Жүргізуші белгі көрсетеді. Балалар осы белгіні өздерінің текшелерінде табады, көрсетеді және оның не білдіретінін айтады.
3-нұсқа: Ойыншыларға текшелер таратады. Балалар оны мұқият зерттейді. Әрі қарай әр бала өзінің белгісі туралы атын атамай айтып береді, қалғандары оны шешу керек.
"Бағдаршам"
Мақсаты: Балаларды жол ережесімен таныстыру.
Қолданатын көрнекіліктер: Қызыл, сары және жасыл дөнгелектер, машиналар, балалардың пішіндері.
Ойын барысы: Қатысушылардың біреуі бағдаршамның белгілі бір түстерін орнатып қояды (қызыл, сары және жасыл дөнгелектерді қойып) машиналарды және балалардың пішіндерін, әр түрлі бағытпен жүретін. Екінші бала машиналарды көше қиылысынан өткізеді, (жүру жолынан) немесе балалардың пішіндерін (жүргінші жолынан) жол жүру ережесіне сәйкес. Содан соң ойыншылар рөлдермен ауысады. Машина және жүргінші жолы ережесімен және бағдаршамның шамдарымен белгіленетін әртүрлі жағдайлар қарастырылады. Кім қателеспей жақсы ойын көрсетсе сол жеңімпаз болып есептеледі.
"Жүргізушілер"
Мақсаты: Балаларға жол жүру ережесін үйрету. Ой - өрісін кеңейту.
Қолданатын көрнекіліктер: Бірнеше ойын жолдары, машиналар, ойыншықтар.
Ойын барысы: Алдын ала оңай ойын жолдарының бірнеше нұсқалары дайындалады. Әр жолда бірнеше жол белгілері қойылған. Бұл жол мәселесін ауыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы: "Сен көліктің жүргізушісін, саған қоянды ауруханаға апару керек, жанармай құйып, және машина жөндеу керек, машинаның суреті, сенің қай жерде шыққаның және қайда оралу керек екенің білдіреді. Жол ережесін бұзбау үшін қандай ретпен осы барлық пункттарды аралап шығу кер
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>