бақшада балаларға арнап "Жолда жүру ережесі" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметтері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін "Жолда жүру ережесі" тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.
Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы. Бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен, жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен) таныстыруды жүзеге асыру көзделген. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, балабақша тәрбиешілер бірлесіп, балаларға жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар жол апатының алдын алар едік.
Мақсаты: Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру. Іс жүзінде жол ережесін сақтауға үйрету. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
"Қандай белгі екенін тап?"
Мақсаты: Жол белгілерін ажырата білуге, балалардың жолда жүру ережелері жайында білімдерін бекіту; күнделікті өмірде алған білімін өз бетінше қолдана алуға тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекіліктер: Сақтандыру, тыйым салу, көрсеткіш және қызмет көрсету: жол белгілері желімденген текшелер.
Ойын барыс:
1-ші нұсқа: Жетекші текшелер жатқан үстелге кезекпен шақырады. Бала текшені алып, белгіні атап, сондай
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>