Жүктерді тасымалдау және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

арын қоса алғанда) ыдысты-дара жүктерді, контейнерлерде тасымалданатын жүктерді, ақтарма жүктердің кейбір категорияларын және басқа жүктерді өңдеуге, өндіріс өнеркәсіптеріне, базаларға және қоймаларға (жалпы пайдаланылмайтын) қызмет көрсетуге арналған.
Арнайы жүк станциялары бір түрлі тиелетін жүктерді жаппай тиеу және түсіру үшін арналады (астық, көмір, руда, минеральды-құрылыс материалдары, мұнай, ағаштар және т. б. ).
Тіректі станция деп өзінің жеке тиеу-түсіру жұмыстары бойынша, сонымен қатар өзіне қарасты шағын жүк станцияларының тиеу-түсіру жұмыстарының коммерциялық операцияларды орындайтын жолдың ақпаратты-есептеуіш орталығының мәліметтер торабына қосылған, автоматикалық құрылғылармен жабдықталған, өзіне бекітілген станциялармен байланыс жүйесі (телефон, электронды) бар жүк станциясы аталады.
Қайта тиеу станциялары тар табанды жолдан кең табанды жолға жүктерді көп мөлшерде қайта тиеуді жүргізеді.
Теңіз және өзен порттарына қызмет көрсету үшін темір жол көлігінен су көлігіне жүктерді ауыстырғанда және керісінше, порттық станциялар арналған. Олар портқа ең жақын орналасқан немесе порт аймағында орналасқан.
Теңіз паромдарына қызмет көрсету үшін паром станцияларын жасайды.
Контейнерлерге коммерциялық және техникалық қызмет көрсету үшін, сүрыптау, уақытша сақтау және қайта тиеу, қабылдау, жөнелту операцияларына байланысты операцияларды орындау үшін, ірі қалаларда және порттарда арнайы терминал-станцияларын жасайды, оларда жүк қимылдарына қызмет көрсету үшін жолдар және қайта тиеу кешені болады. Қазақстан Республикасының темір жолдарының және көрші елдердермен шекаралық аудандарында шекаралық станциялар және мемлекет арлық беру станциялары бар, олар тек технологиялық және коммерциялық операциялар жүргізіп қоймай, сонымен қатар кедендік, ше

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: