тша сақтау операцияларының орындалуы үшін станцияларды ашық платформа және жабық қоймалармен қамтамасыз етеді. (1,2-сурет).
1- сурет. Жабық және ашық платформалы жабық қойма
Ірі жүк станцияларында жеке жүк түлерін қайта өңдеу үшін арнайы қоймалар тұрғызады: контейнерлік пункт(3-сурет), ұсақ жіберулер үшін сұрыптайтын платформа(4-сурет), ауыр салмақты жүктер үшін алаңдар, шашылатын жүктерге арналған қойма.
2- сурет. Жанынан бір жол енетін ангарлы қойма.
3- сурет. Контейнерлік пункт.
4- сурет. Сұрыптау платформасы.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жүкті тиеуде қандай жалпы шартарды сақтау керек?
2. Вагондарды және құжаттарды станцияларда қабылдау және өткізу реті.
2-дәріс. Жүк аулалары, олардың қызметі және техникалық қамтамасыз етілуі.
Дәріс мазмұны:
Жүк аулаларының типтері.
Жүк аулаларының техникалық қамтамасыз етілуі.
Үлкен көлемді жүк қабылдау және жіберу станциялары жүк аулалармен жабдықталады. Жүк аулаларына жүк қабылдау, тиеу, түсіру, беру және сәйкес жағдайларда жүкті сұрыптауға арналған аудандармен және жол құрылғылармен жабдықтауды жатқызамыз.
Жүк аулалары біріктірілген және жеке жүктерді өңдеу үшін арнайы болады. Неғұрлым кең таралған тұйықталған типтегі жүк аулалары. (5- сурет). Көптеген жүк аулаларын өткінші типті, сонымен қатар тұйықталған және өткінші жолдармен кобинирленген схемамен жабдықтайды.
Қоймаларды, қызметші бөлмелерін және жүк құрылғыларын орналастыруда, жұмыстың технологиялық процесін, автокөлік қозғалысының графигін және маршрутын, құрылымның жақындау габаритін, өртке қарсы ережелерді және техникалық қауіпсіздік ережелерін ескеру керек.
Жүк аулаларын қорғанмен қоршайды және күзет сигнализациясының қажетті техникалық құрылғыларымен жаьдықтайды. Өту, кіру және шығу үш
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>