ылған жүйені енгізу (АСКОПВ);
тиеу-түсіру жұмыстарында өнімділігі жоғары жаңа механизмдерді пайдалану;
тез бұзылатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін жаңа изотермиялық көлік құрылғыларын енгізу; изотермиялық жылжымалы құрамдарды жетілдіру.
Аталған бағыттарды іске асыру үшін темір жол көлігінің құрылымындағы барлық бөлімшелерді, жүк жөнелтушілерді және жүк қабылдаушыларды біріктіріп қимылдауды талап етеді.
Жүк станциялары, аулалары және тауар кеңселері.
Темір жол станциялары контейнерлерде, вагондық және жөнелтіммен тасымалданатын жүктерді беру және қабылдау, тиеу, түсіру операцияларын орындайды, сонымен қатар жолаушылар, жүк тасымалында операцияларын орындайды. Мұндай тасымалдар сәйкес жүк және коммерциялық операцияларды орындауға мүмкіндігі бар станциялар аралығында жүргізіледі.
Жүк станциялары жүк және жол құрылғыларының кешенінен, жүк поездарын қабылдауға, таратуға, жинауға, коммерциялық қарауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөнелтуге, жүк және коммерциялық операцияларды орындауға арналған техникалық және қызмет үйлерінен тұрады. Бұл станциялар жүк ағындары басталатын немесе аяқталатын ірі өндіріс және халық көп орналасқан пунктерде орналастырылады және халыққа және өндіріс өнеркәсіптеріне қызмет көрсетеді. Жүк станциялары әр түрлі көлік түрлерінің түйіскен пункті болып саналады (темір жолдың автомобиль, су, өндіріс, құбыр көліктерімен), сонымен қатар кең табанды темір жол көлігінің тар табанды темір жол көлігімен түйіскен пункті болып саналады.
Жүк станциялары негізгі тағайындалуы бойынша және орындалатын жұмысының сипатына байланысты арнайы (жекелеген жүктер үшін) және әмбебап (әр түрлі жүктерді тиеу және түсіру үшін қызмет көрсететін) болып бөлінеді.
әмбебап (тіректі аралық станцияларды және жол бойындағы жүк станциял
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>