Жемістер,жидектер, көкөністер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Жемістер,жидектер, көкөністер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:өздері білетін жеміс-жидектер, көкөністер атауларын пайдалана отырып, оны жаңа сөздермен толықтыру,тілдік қатынаста қолданып үйрену.
Дамытушылық:диалог құрастыруға дағдыландыру, ойлау, сөйлеу әрекетін дамыту, жаңа сөздерді игеріп, сол сөздерді пайдаланып, өз ойын жеткізе білуге машықтандыру, сөзге математикалық тәсілмен сатылай кешенді талдау жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік:тілге деген қызығушылық ояту. Тәрбиелік мәні бар әңгімелер жүргізу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: орыс тілі,математика, дүниетану
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сөзге математикалық тәсілмен талдау жасау, сұрақ-жауап,мәтінмен жұмыс, сөзжұмбақ шешу, «Орамал тастамақ» ойынын ойнау.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, орамал, жемістер,жидектер, көкөністер суреттері, себеттер,муляждар, сызба –кестелер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) кезекшімен жұмыс.
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Бүгін ауа райы қандай?
ІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, біз бүгін сабағымызды «Ғажайып себеттер» ойынымен бастаймыз. Бұл ойынның мақсаты берілген тапсырмаларды орындау арқылы сабақ тақырыбын анықтау. 1 саны бар тапсырманы, 1 себетке салу. 2 саны бар тапсырманы 2 себетке салу, 3 саны бар тапсырманы 3 себетке салу арқылы сабақтың тақырыбын ашамыз.
Тапсырмалар:
Қазір қай жыл мезгілі?
Күз айларын ата.
Қазір қай ай?
Күзде егіншілер не жинайды?
Күзде не жауады?
Берілген сөздерді буынға бөліп, қай буынға жататының анықта.
күзде, қазан, қараша
Берілген сөздерді қазақ тіліне аудар.
сладкий, собирали,бақша
8. Жұмба

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: