"Желсіз түнде жарық ай"
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбдырласып өзді өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі
Абай
Осы әнді орыс тіліне Юлия Нейман былай аударған:
Тихой ночью при луне
Луч в воде лежит слегка.
За аулом в тишине
По камням гремит река.
Листья дремлющих лесов
Меж собою говорят.
Темной зелени покров
Землю всю одел до пят.
Қазақ тілін үйрету, оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру, қазақ тілін дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру-біздің ,қазақ тілі мұғалімдерінің міндеті. Сондықтанда мен бүгінгі баяндамамды өзімнің жүрегімнен шыққан мына бір өлең жолдарымен бастағалы отырмын.
Қазақ тілі - бәрімізге ана тіл,
Басқа тілден еш кемі жоқ дана тіл.
Тереңінен сөз маржанын теріп ап,
Сусынына мөлдір судай қана біл.
Баяндамамның тақырыбы: "Қазақ тілі сабағын оқытуда пәнаралық байланыстың маңыздылығын Абай лирикасын оқыту арқылы ашу".
Менің алдыма қойған мақсатым:
Білімділік: Абай лирикасын оқыту, ұлы ақындардың шығармаларымен таныстыру, қазақ тілінің грамматикасын қайталау
Дамытушылық: оқушылардың сөйлемдер құрап, өз ойларын қағаз бетіне түсіру қабілеттерін дамыту,
Тәрбиелік : оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, әдемілікті түсініп бағалай білуге тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.
Қазақ тілі сабағын оқытуда пәнаралық байланыстың алатын орны зор. Енді соны Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" әнін қазақ тілі сабағында үйрету арқылы қалай қолданғанымды ашып бермекшімін.
Са
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>