Жазмыш. Даңқ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

інші түрмеде басы шабылардың алдында, бәрін ұмытып, тек қана Шекспирдің туындыларын оқып жатқан.
Сый-құрметке ерте жеткен ұлы ақындардың бірі - Виктор Гюго. Ол жиырмаға толар-толмаста жетпістегілер аттай алмай жүрген даңқ табалдырығынан сүрінбей өткен. Жай оқырмандар ғана емес, корольдің өзі оны үзбей оқып отырған. Әріптестері бас иіп сәлем беретін болған. Король оның өлең кернеген кемеңгер кеудесіне Құрметті легион орденін өз қолымен қадаған. Өзінің таққа отыру салтанатына арнайы шақырған. Оның омырауындағы ең қымбат орденді көріп, әкесінің көңілі көкке көтерілген. Осының бәрі аз болғандай король Гюгоның отбасына сыртын алтынмен аптаған, көздің жауын аларлық фарфордан жасалған аса қымбат сервиз сыйлаған.
Байронның өлгеніне біраз уақыт өткен. Гете мен Вальтер Скотт әбден қартайған. Шатобриан мен Ламартинніңүндері өшкен. Ал Гюгоның ол кезде "Эрнадия", "Күзгі жапырақтар" және "Париж әулие анасының шіркеуі" атты әйгілі дүниелері жарық көріп, бүкіл Еуропада оның алдына шығарлық ешкім болмаған. . . 1845 жылы Виктор Гюго ақсүйектердің ең жоғарғы дәрежесі атағын алады.

Жинақтаған: Таскалиева Анель Куановна Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер
орталығының маманы





Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: