ізгіндеп ұстағанмен, күннен-күнге жайылып бара жатқан ақын даңқын ешкім шектей алмайды. Ел оның өлеңдерін ауыздан тастамайды. Зердеден зердеге, құлақтан құлаққа жалғасады. Керемет-керемет жібек маталарға ғаламат сұлу каллиграфиямен көшіріліп, алтыннан да қымбат дәрежеге көтеріледі.
Кюненің хянгалары (ән-өлең) буддалық салтанаттарда қытай мәтіндерінің орнына орындалатын болған. Бүкіл халық әнге қосып айтып жүрген. Бақсылар мен тәуіптер сол Кюнёнің жырымен ауруларды ұшықтап, емдеп, жын-сайтандарды үркітіп қуу үшін әр үйдің қабырғасына іліп қоятын болған.
Бір ғажабы: даңқтың ұлттық, діни шекарасы болмайды. Шығыстың ең жарық жұлдыздарының бірі - Джалаладдин Руми дүние салғанда түріктер, хазарлар, гректер, армяндар, мұсылмандар, православия сеніміндегілер - бәрі-бәрі келіп, өз дәстүрлері бойынша қоштасқан. Хафиздер құранын, раввиндер інжілін, православия әулиелері псалымдарын оқыған. Біреу рабабта, біреу сылдырмақта, біреу дутарда ойнаған. Ән салған, билеген. Махаббат туралы өлеңдер оқылған.
Бұдан артық не даңқ керек?! Тіріге болса болар, өлгенге даңқтың зияны жоқ.
Қазірде, әрине, заман өзгерді. Генри Уодсворд Лонгфеллоның өлгеніне бір ғасырдан артық уақыт өтті. Кезінде өз әріптестерінің ішінде одан асқан даңқты ақын болмаған. Көзінің тірісінде-ақ Американың ұлттық ақыны есептелген. Ол көрген құрмет, оның алған аса қымбат дипломдарын ілуге қабырғалар жетпеген. Кембридж және Оксфорд университеттері оған құрметті доктор атағын берген. Ресей және Испан академияларының толық мүшесі болып саналған. Тағысын тағы, тағысын тағы.
Шекспирдің даңқы рас, кешігіп келген. Бірақ құбылмалы емес, тұрақты. Дүние жүзінде ешқандай кітап, ешқандай том "Інжілден" қымбат болмаған, болып көрмеген. Ал Шекспирдің томдары ол шекарадан да аттап өткен.
Карл бір
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>