"Жазмыш". Даңқ.
Қоғам да қызық, халқы да қалыспайды. "Соқыр көргенінен жазбайды" демекші, бір адам елдің назарына мықтап бір іліксе болды, әбден мезі қылады. Пришвин күнделігіне былай деп жазыпты: "Сонымен маған бір шың, бір көл, бір бұғаз сыйлады. Өкінішке қарай, ол шыңның басына шыға алмаймын, бұғазға жете алмаймын, өз көлімнің қызығын өзім көре алмаймын". 21 ақпан, 1951 жыл.
Даңққа табынбайтын халық бұлай істемейді. Олар табынбайды, сыйлайды, түсінеді. Ал табынатындар ше? Бірде Равен шіркеуінің құрбантасында тұрған шырақтарды халық сол жерден алып, Дантенің зиратына әкеліп қоятын болған: "Керілген Иса емес, сен лайықсың бұл құрметке!" деп есептеген. Үлкен кұрмет, әрине! Бірақ діннің тұрғысынан келгенде мұның өзі барып тұрған күпіршілік. Қор қылу да, кұдай қылу да халықтың қолында. Дәлірек айтсақ, пайғамбар жасау халықтың колында, бекерге мәз болып, өзінді-өзің алдау, алдану өз қолында!
Байлық пен дәулетке, билік пен мансапқа, атақ-абыройға - бәріне де философия көзімен қараған көне заман ақындары ештеңеге алаңдамаған, ештеңеге елікпеген, ештеңеге қызықпаған. Ежелгі Қытайдың ұлы ақыны Аспан асты аталатын байтақ елде өзінің сондай мәшһүр, сондай әйгілі екенін өте жақсы білген және соны ғаламат ұстамдылықпен қабылдаған. Юань Чженьге (әріптесі) жолдаған бір хатында былай дейді: Чаньчаннан Цзянсиге дейінгі үш мың шақырым қашықтыққа созылған алапат аймақтың бүкіл мектебінде, будда пұтханаларында, қонақүйлерде, тіпті үлкенді-кішілі қайықтарда - барлық жерде ілулі өз өлеңдерімді көрдім. Қарапайым халықтың, тақуа-сопылардың, зиялы қауымның, бойжеткендер мен жесірлердің қалай әнге қосып айтқандарын естідім".
Су Дун-по 1085 жылға дейін императорға ұнаңқырамай, алыс-алыс аймақтарда қызмет етеді. Оның өзін т
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>