Тақырыбы: «Жануарлар әлемі»
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеумет», «Шығармашылық», «Денсаулық».
Мақсаты: а) Балалардың қарапайым математикалық ұғымдар туралы білімдерін және түстерді ажырата білуін ойын арқылы бекіту; туған өлкемізде кездесетін жануарлар жайында түсінік беру;
ә) Туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін ояту;
б) Балаларды қарындашты дұрыс ұстап, таза және ұқыпты бояуға дағдыландыру және ойлау қабілеттерін арттыру.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойындар, тыңдау, көрсету.
Көрнекі-құралдары: Көрнекілік суреттер, үлестірмелі құралдар, плакат, геометриялық пішіндер, музыка.
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Сәлем бердім бәріңізге,
Қайырлы таң балалар!
Сәлем бердім саған елім,
Тал бесігім туған жерім!
-Тәрбиеші:
-Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
-Балалар:
-Қазақстанда.
-Тәрбиеші:
- Қазақстанның қай өлкесінде тұрамыз?
-Маңғыстауда.
-Тәрбиеші:
- Иә, балалар, біздің туған өлкеміз Маңғыстау деп аталады. Ал, Маңғыстау өлкесінде нелер кездеседі?
-Балалар:
-Аңдар,құстар,жәндіктер.
-Тәрбиеші:
-Дұрыс. Біз бүгін солардың ішінде жануарлар туралы айтатын боламыз. Балалар, жануарлар екіге бөлінеді. Үй жануарлары және жабайы жануарлар. Үй жануарларына сиыр, ешкі, түйе, қой, ит, мысық жатады. Ал жабайы жануарларға аю, түлкі, қасқыр, қоян сияқты орманда мекендейтін жануарларды жатқызамыз.
-Ал, енді мына суреттерге назар аударайық. (орман, үй маңы (аула) Балалар орманда жабайы жануарлар мекендейді. Ал, үй айналасында үй жануарлары мекен етеді.
-Балалар, енді осы мекендерге мұқият қарайықшы. Мекендерде жануарлар көрінбейді. Біздер жануарларды өз мекендеріне орналастыруымыз қажет. Ол үшін бірнеше тапсырмаларды орындауларыңыз к
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>