Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы
ТУЛЕУТАЕВА ШЫНАР БЕРИКОВНА
Кіріспе
Қазіргі кездегі әдебиеттер мәліметтерін қарастырып талдайтын болсақ, екіншілік кемістік ретінде сөйлеу тілінің дамуы тежелген ерте жастағы дамуында ауытқулары бар балалардың саны артып келе жатқандығын көреміз. Әсіресе тұрақты түрде мектепке дейінгі арнайы мекемелерінде тәрбиеленетін балдырғандар арасында сөйлеу тілінің дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығы анық байқалады.
Бұл тақырыптың өзектілігі мынада - дамуында ауытқуы бар ерте жастағы қазақ тілді балаларға арналған педагогикалық түзету, оның ішінде сөйлеу тілін дамыту бойынша жүйесі жасалмаған. Осы балалардың сөйлеу тілін бағытты түрде дамыту, олардың жалпы дамуының да бірден бір шарты болып табыладыжәне екіншілік кемістіктердің пайда болуының алдын алады.
Артикуляция мүшелері қозғалысының бұзылуы да сөйлеу тіліне дейінгі дамудың тежелуіне әкеп соғады. Мұндай тежелістер сөйлеу аппараты иннервациясының бұзылу салдарынан 1 жасқа дейінгі балалардың сөйлеу тілі нышандарының қалыптасуын 2-3 айда артық уақытқа кешеуілдетеді. Ал осы тежелудің себебін дәрігер- невропатолог пен логопед бірлескен тексеру нәтижесінде анықтап диагноз қояды. Сөйлеу тіліне дейінгі даму тежелістерінің бұл түрі көбіне қимыл-қозғалыс бұзылыстарымен үйлесіп келеді (балалар сал ауруы) және асфиксия, босану травмасы, нәрестенің гемолитикалық ауруы салдарынан орталық жүйке жүйесі перинатальді түрде зақымдалған балаларда болады.
Есту қабілеті мен зияты әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, дыбыстық мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзыылуынан болатын әр түрлі күрделі тіл кемістіктері.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>