Жалпы сөйлеу тілінің бұзылуы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тілдің жалпы кемістігі (ТЖК) түсінігіне әртүрлі күрделі тіл бұзылыстары жатады, мұнда балаларда есту және интеллектісі бұзылмағанмен тілдік жүйенің барлық компоненттерінің қалыптасуы бұзылған. Тілдің жалпы кемістігі терминінде тілдік қызмет толығымен жетілмегені айтылады. Тілдің барлық жүйелерінің қалыптаспағандығы байқалады - фонематикалық, лексикалық (сөз қоры), грамматикалық (түз құрау және сөзді өзгерту, сөйлемде сөздерді байланыстыру ережелері). Сонымен қоса ТЖК көрінісінде әр балада өзіне ғана тән белгілі бір ерекшелігі болады. Тілінің жалпы кемістігі бар балалар психикалық процесстердің ерекшелігіне байланысты өздерінің қалыпты дамып келе жатқан шамаластарынан ерекшелінеді 37, 53б. Оларға назардың тұрақсыздығы, вербалды ес пен есте сақтаудың төмендеуі, сөздік - логикалық ойлау дамуының кешеуілдеуі тән. Аталған ерекшеліктер оқу - ойын әрекетіне уақытында қосыла алмауға немесе бір нәрседен екіншіге назарын аударудағы қиыншылықтарға әкеледі. Олар тез шаршағыш, алаңдағыш, жылдам әлсірегіш келеді, ал бұл жаттығуларды орындауда әртүрлі қателер жіберуіне әкеледі.
Тілінің даму кемістігі бар көпшілік балаларда артикуляциялық аппарат моторикасының бұзылысы байқалады: тіл бұлшық еттерінің бұлшық ет тонусының өзгеруі, нәзік артикуляциялық түрлендіру кезінде қиыншылықтар, ерікті қозғалыстар мүмкіндігінің шектелуі.
Тілдің бұзылыстарымен қолдың ұсақ моторикасының бұзылысы тығыз байланысты: саусақтар координациясының жеткіліксіздігі, қозғалыстың баяулығы мен ебедейсіздігі, бір позада тұрып қалу38, 15б.
Балаларда тілдің кемістігі әртүрлі дәрежеде көрінуі мүмкін: сөйлеудің толық болмауынан дамудағы шамалы ауытқуларға дейін. Р. Е. Левина тілдің қалыптаспауының дәрежесін ескере отырып, оның толық жетілмеуінің үш деңгейін ажыратты.
Бірінші деңгейдің сипаттамас

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: