Жалпы микробиология. Микробиология және вирусология ілімінің даму тарихы

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

уа кірмейтіндей әйнектеліп, қабырғалары плиткамен қапталады немесе майлы бояумен сырланады. Еденіне линолеум төселеді. Боксты натрий гидрокарбонатын (ас содасын 2-3-ы), 3-5-ды карбол қышқылы және басқа да дезинфекциялағыш заттардың ерітінділерімен ылғалдандырып, жуып тұрады. Бөлмені толқын ұзындығы 254 нм улбтракүлгін сәулелерін тарататын бактерицидті лампалармен (БУВ-15, БУВ-30, т. б. ) 30 минуттан бірнеше сағат аралығында стерилдейді. Бактерицидтік лампа іске қосылып тұрған уақытта бөлмеге кірмеген дұрыс, өйткені ультракүлгін сәулелері көздің қасаң қабығын қабындырады.
Вивари - ақ тышқандарды, ақ егеуқұйрықтарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарын және басқа зертханалық жануарларды күтуге арналған бөлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жұмыстарында және сабақ өткізу ұшін қолданылады.
Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі. 1) Микробиологиялық зертханаға міндетті түрде халатпен кіргізіледі. 2) Бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады. 3) Белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал-жабдықтарды қолдану керек. 4) Жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн. 5) Ауруды жұқтырмау үшін үзіліс уақыттарында темекі шегуге, тамақтануға болмайды.
6) Үстелдің үстінде тек қана тапсырманы орындауға арналған құрал-жабдықтардың ғана болуы шарт. 7) Сабақтың соңыеда жұмыс орны мен жабдықтарды ретке келтіру қажет. 8) Бір спирт шамын екінші біреуінің көмегімен тұтандырмаған абзал, ол үшін шырпы мен шақпақты қолданған жөн. 9) Электр жүйесінің сымдарына, түйіспе бөліктеріне металл немесе басқа заттарды жанастыруға болмайды. 10) Оқытушының немесе зертхана қызметшілерінің рұқсатынсыз электр құралдарын тоққа қоспау керек. 11) Химиялық және басқа да реактивтермен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет. 12) Зертханадан шығар алдында қолды

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: