ау қабілеттілігі долслдснгсн, бұл организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын, яғни гомеостазды сақтайды.
Иммунология диагностиканың зертханалық әдістерін, жұқпалы және көптеген жұқпалы емес (соматикалык) аурулардын, алдын алуы мен емдеуін өңдеуде, сондай-ақ иммунобиологиялық препараттарды (вакцина, иммуноглобулиндер, иммуномодуляторлар, аллергендер, диагностикалық препараттар)өңдеуде негіз болып табылады. Иммунобиологиялық препараттардыөңдеумен өндірісімен айналысатын иммунологияның жеке бөлігі - иммунобиотехнология болып саналады. Қазіргі заманғы медициналық микробиология мен иммунология иммунды жүйенің бұзылысына байланысты көптеген жүқпалы және жұкпалы емес аурулардың (онкологиялық, аутоиммундық аурулар, мүше мен тіндердің трансплантациясы) диагностикасында, сақтандыру мен емдеуінде аса маңызды орынды алып үлкен жетістіктерге жетті.
Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар
Микробиологиялық зертханада студенттер микробиологиялық, серологиялық және басқа да зерттеу тәсілдерін меңгеріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, микробиология пәні бағдарламасының мәселелерімен танысады.
Жарықтың мол болуы үшін зертханадағы жұмыс үстелдері терезеге жақын орналастырылуы қажет. Үстелдердің беті пластикпен, плексигласпен немесе қалың шынымен жабылып, ортасына шыны түтіктерге арналған штативтер, бояулар құйылған ыдыстар немесе тамызғыштар, спирт шамдары және т. б. қойылады.
Ұсақ жануарлардың өлекселерін немесе олардың мүшелерін жарып тексеруге арналған кішірек үстелше болғаны дұрыс. Оқу барысын қамтамасыз ету үшін микроорганизмдер өсінділері, қондырғылар және жуу, стерильдеу, қоректкі орталарды дайындау, бокс, препарат, термостат, жануарларды күтуге арналған виварий және басқа да бөлмелер болуы керек.
Жуу бөлмесінде үстелдер, раковина, электр немесе г
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>