Жалпы микробиология. Микробиология және вирусология ілімінің даму тарихы

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

сабынмен жуады.
Микроскоптар мен микроскопия. Микроскоп - микробтарды зерттеуге арналған оптикалық құрал. Микроскопия - микроорганизмдердің морфологиялық ерекшеліктерін, тинкториалдық қасиеттерін (әр түрлі бояуларға, бояу әдістеріне қатынасы), құрылымын (ұрық, капсула), жылжымалығын зерттеуге арналған құрал.
Микроскопия оптикалық құралдардың көмегімен жарық, люминесцентті немесе электронды микроскоптардың көмегімен іске асады. Студенттер зертханасы әдетте, Биолом-1, МБР-1,МБР-3 сияқты биологиялық жарық микроскоптарымен жабдықталады. Жарық микроскоптары механикалық және оптикалық бөлімнен тұрады. Механикалық бөлімге штатив, зат үстелі, тубус, айналмалы диск (револьвер), макрометрлік және микрометрлік бұрағыштар жатады. Зат үстелінің ортасында жарық беретін саңылауы болады. Зат үстелінің бүйіріндегі бұрандалар оның оңға-солға жылжуын қамтамасыз етеді, ал клеммалар зат шынысын (препаратты) бекітуге арналған. Тубус штатив бағанасының жоғарғы бөлімінде орналасқан. Микрометрлік бұрағыш микроскопия кезінде өте қысқа қашықтыққа қозғайтын қозғалысты қамтамасыз етеді. Микрометрлік бұрағыштың толық бір айналымы тубусты 0,1 мм-ге жылжытады.
Микроскоптың оптикалық бөліміне жарық беретін аппарат, объективтер және окуляр кіреді. Жарық беру аппараты зат үстелінің астында орналасқан. Ол жарық сәлелерін бағыттайтын жазық беті, ал жасанды жарықта оның ойыс беті қолданылады. Конденсордың жоғарғы жағында жазықты-дөңес, төменгі жағында екі жағы да дөңес линзасы болады. Осы линзалардың көмегімен конденсор айнадан шағылысқан жарық, сәулелерін зерттеуге алынған заттың деңгейінде фокусқа жанайды. Жарықтың күшін азайту үшін конденсорды төмен түсіреді, ал жарықты көбейту үшін көтереді. Көз шалымының жарықталғандығын реттеу үшін конденсордың төменгі бөлімінде бекітілген диафрагманы

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: