Жаңа бір күш біткендей болды.
- Бәрекелді!
- Япыр-ай, ә!
Жаңа сабақ бойынша түсінбеген сұрақтарыңыз болса, сұраңыздар. Болмаса, біздің аттарымызға қарайық, бәйгеден қайсысы озып келеді екен. Бәйге ары қарай жалғасады. Келесі ойынымыз "Көкпар" ойыны.
( 6 оқушы қатысады) "Көкпар" ойынын теледидардан көріп жүрміз, күшті аттар мен қарулы жігіттер сайысады. Көкпарға сірке тігіледі.
3 оқушыға карточка беріледі.
Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар. Үлгі: туу - көңіл күйін білдіретін одағай.
1
- Түу, есім жаңа кірді ғой! - Ой, обал-ай! Баласын да тоса алмады. - Уһ, кішкене бел жазайыншы. . . - Апырай - ай, мына дүлей тіршілікте көк мұздай тас бауыр екен - ау! - Е, бәрекелді, үйірімен үш тоғыз!
2
- О-о!-деді князь боямашы тағзым жасап. О, ғажап! Жат адам қатарласа шауып, қолын шылбырға соза берген. Япырай - ай, сонау Сүйіндіктен осы араға келіп жүргені.
3
Бүгін, менің туған күнім, ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны - ай!
3 оқушы тақтада сөйлем талдайды.
1 оқушы интерактивті тақтада, екі оқушы жай тақтада
1. Наурыз - көктемнің бірінші айы (морфологиялық талдау)
Биыл ауыл жылы болып белгіленді (инт. тақта)
2. Наурыз шешек Қазақстанның таулы аймақтарында өседі.
3. Наурыз шешек сөзіне - математикалық жолмен фонетикалық талдау жасау.
4. Қазақтың ұлттық ойындары - Көкпар, Ханталапай, Орамал тастау.
Қазақтың деген сөзге фонологиялық талдау жасау ( буын түрі, тасымал, үндестік заңы)
Осы кезде І деңгейлік тапсырма. Өз бетімен жұмыс. "жаттығу жұмысы)
ІV. Топ басшылары үш тақырыпта "Көктем", "Наурыз", "Дәстүр" тақырыбына ой толғау жазады
Страницы: << < 144 | 145 | 146 | 147 | 148 > >>