ақыру, қуу үшін қолданылады.
Мысалы: Паһ, мықты екен - ау мынау мұндар! Қап, барлық еңбектері далаға кетеді - ау! Аухау - аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді.
Берілген мысалдардағы паһ, қап, сүйсінуді, өкінуді білдірсе, аухау - аухау сиырды шақыру үшін айтылады.
Одағайда, біріншіден, лексикалық (негізгі) мағына болмайды. Екіншіден, сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.
Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар: пәлі, ойпырай, алақай, пай - пай, туу, уһ, әттең т. б.
2. Жекіру одағайлары жекіру, тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді.
3. Олар: құрау - құрау, шөре - шөре, көс - көс, айт, қош - қош, моһ - моһ, құр - құр, кә - кә, пырс т. б.
Одағайлар сөйлемдегі ойға қатысты болғанымен, толық мағынасы жоқ, жеке сөздермен байланысқа түспейді, олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды.
Одағай сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да қолданыла береді. Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін түір қойылады. Мысалы: Ту, не деген рақат еді!
Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Мысалы: Тұрсам, о тоба-ай, айнала көк шалғын!
Одағай сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады. Мысалы: Пай - пай! Шіркін қазақтың келіндері - ай!
Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады: пай-пай, құрау- құрау, құр-құр т. б.
Одағай сөздер өзінің мәніне сәйкес, яғни әр түрлі көңіл күйін, мәнін білдіруге байланысты диалогта, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Диалогта кейде одағайлар осы мәндеріне лайық бір сөйлемнің орнына да жұмсала береді. Мысалы:
-
Страницы: << < 143 | 144 | 145 | 146 | 147 > >>