сұрау
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Ой толғаныс
Енді "Бәйге" жарысын әрі қарай жалғастырамыз. Балалар, "Бәйге" жарысында аттар жаратылып, бәйге қосылады. Озып келген ат бәйгені алады. Біз де үш топ болып бәйгеге шабамыз, өз білімімізді көрсетеміз. Өткен сабақ бойынша тапсырмалар орындалады, оған "Орамал тастау" ойынын ойнаймыз. Ойында ойнаушылар екі топқа бөлініп, қарама - қарсы отырады. Жүргізуші бірінші топтың шеткі ойыншысына сөздің бірінші бөлігін айтып орамал лақтырады. Қағып алған ойыншы тез сөз шығатындай етіп екінші бөлігін табады.
Мысалы: опыр - топыр, тарс - тұрс, маң - маң, жалт - жұлт, далбаң - далбаң, тасыр - тұсыр, шаң - шұң, арс - арс, ербең - ербең т. б.
Еліктеу сөздің түрлерін атап кету
2. Еліктеу сөздерді етістіктермен тіркестір және сөйлем құра.
( . . . қарау, . . . күлу, . . . құлау, . . . жүру, . . . шайнау, . . . соғылу, . . . секіру)
Мысалы: жалт қарау. Айнұр артына жалт қарады.
Жаңа сабақ.
- Балалар, сіздер бәйгеге шабамыз деп шаршадыңдар ма?
- Иә
- Ал адамдар шаршағанда не істейді?
- Уһ, аһ!
- Ал қуанғанда не дейміз?
- Алақай!
- Көпшілігіміз жер үйде тұрамыз, малдарымыз бар. Оларды қарату үшін не істейміз?
- Шақырамыз.
- Міне, біздің бүгінгі жаңа сабағымыз " Одағай, оның түрлері"
Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр түрлі көңіл күйін, сезімін білдіретін немесе жан - жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп аталады.
Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну сияқты көңіл күйін білдіреді немесе жан - жануарларды, малды ш
Страницы: << < 142 | 143 | 144 | 145 | 146 > >>