Жаңартылған білім - заман талабы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>

балармен қатар, осы сабақ аясында қолдануға болатын ресурстарды да қамтиды.
Қысқа мерзімді жоспар - мұғалімдерге өз сабағының егжей-тегжейлі жоспарында орта мерзімді жоспардың мазмұнын қалай бейімдеуге болатынына қатысты нұсқаулық ретінде ұсынылған үлгі.
Жалпы алғанда, оқу жоспары пән мазмұнын және оны қалай оқыту керектігін терең меңгерген мұғалімді жаңартылған оқу бағдарламасын іске асыруда табысқа жету жолында жан-жақты қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жоспарын нормативтік құжат ретінде емес, нұсқаулық ретінде қарастырудың маңызы зор, себебі мұғалімдер өздері сабақ жүргізетін сыныптардағы оқушылардың қажеттіліктері мен үлгеріміне қарай оған түзету енгізіп, бейімдей алады.
Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру- сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
Заманауи мектептердің мақсаты-жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Өз білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зерттеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. Мектеп бағдарламасына кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді.
Бағдарламаның мақсаты: Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін меңгерту. Жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары қарастырылды. Ұстазда

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: