Жаңартылған білім - заман талабы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ан оқу бағдарламасының мазмұны қолданыстағы жүйенің осындай кемшіліктерін еңсеруге бағытталған.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс - тәсілдермен оқытып, ой - өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Маңыздылығы да міне, осында.
ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін - ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.
Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады.
Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны
Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пән және сынып аясында оқушылардың нені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін қолданылады. Сонымен қатар, жекелеген пәнді оқыту мазмұнына қысқаша шолу ұсына отырып, бұл құжаттар мүдделі тараптарға оқушылардың белгілі сынып аясында оқу бағдарламасы бойынша жалпы түсінік алуына, белгілі бір сыныпта оқушылардың қандай білім, білік, тәжірибе жинақтайтынын анықтауға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасы - бұл пәннің құрылымдастырылған сипатта

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: