масын, сондай-ақ пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер туралы мәлімет ұсынатын құжат.
Оқу бағдарламасында пән бойынша оқушылар әр сынып аясында дамытады деп күтілетін білім, білік дағдылар оқу мақсаттары түрінде бейнеленеді. Осыоқу мақсаттарында оқу бағдарламасының әр сыныпқа арналған мазмұны анықталады. Оқу мақсаттары бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді, алайда оларды ұсынылған тәртіпте ғана оқыту міндетті емес. Оқу бағдарламасы спиральділік қағидатының негізінде оқушылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын қалай алға ілгерілейтінін көрсетеді.
Оқу бағдарламасында қамтылатын мәселелер:
пәннің мақсаты, міндеті және маңызы туралы тұжырым;
дамытылатын білім, түсінік, дағдылар, көзқарастар мен құндылықтар туралы мәлімет;
пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы түсініктеме;
бағалау тәсілдеріне қысқаша шолу;
бағдарламаның мазмұны, ұйымдастырылуы және ондағы материалдардың күрделілігінің өсу реті.
Оқу жоспарының құрылымы мен мазмұны
Оқу жоспары - бұл белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап дайындалған құжат. Оқу жоспарында белгілі бір сыныпта белгілі бір пән бойынша меңгерілетін материал жан-жақты сипатталады, сондай-ақ ол материалды оқыту реті ұсынылады.
Оқу жоспарында қамтылатын мәселелер:
ұзақ мерзімді жоспар;
тілдік мақсаттар;
орта мерзімді жоспарлар;
қысқа мерзімді жоспар.
Орта мерзімді жоспарларда оқу жылы бойындағы барлық оқу мақсаттары қамтыла отырып, оқушыларға осы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін орындау ұсынылатын жаттығулар туралы қысқаша мәлімет келтіріледі. Бұл ұсынылатын жаттығулар мұғалімдерге өз сабақтарын әзірлеу кезінде қолдау көрсетуге бағытталған пайдалы кеңестер жазылған қысқаша жаз
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>