Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

Тұскиіз – әуел бастан ата-бабамыз қолданып келе жатқан құнды мұра. Үйді сәндеуге, киіз үйдің жиһазы ретінде пайдаланады. Көшпелі халқымыздың тұрмысына халқымыз қолданысқа тек киіз үйді пайдаланған. Тұскиіздің жылулық пайдасы басым болған. Тұскиіз ертеректе тек киізден тігілгені белгілі. Жазғы мезгілде киізден тігілгендіктен өте ыстық Оның үстіне қолданған уақытта ауыр келеді. Қысқы мезгілде және жазғы мезгілде жинап қойғанда киізге құмар жегіш күйелер түсуі әбден мүмкін деп ойлаймын.

3-тапсырма. Соңында барлық пікірлеріңді салыстырыңдар да, сол арқылы тұскиіздің артық қасиетін шығарыңдар. Оны пайдаланудың тиімділігі жөнінде, тигізер пайдасы туралы өз ой тұжырымдарыңды жасаңдар. (Синтез жасау)
Сақыпжамалдың жауабы:
Тұскиіз мейлі ауыр болсын, жазда ыстық болсын, оның жиһаздық құны ешқашан төмендеген емес. Рас, көшпелі халқымыз қыста да киіз үйде өмір сүрген. Сонда да бірде-бір баласы ауырмай жақсы өмір кешкендігі белгілі. Сол кездегі үйдің сәнін кіргізетін де, үйге іргеден суықты жібермейтін де осы тұскиіз болған. Апа, әжелеріміз тұскиізге бар өнерлерін салып, бар шеберлігін асыра тігетін болған. Ал, оның жазда ыстық болатыны тағы белгілі. Оның да ебін тапқан ғой, қазағым. Ыстық кезде тұскиіздің етегін әдемілеп түріп, үйге самал кіргізіп отырған. Ал жинап қояр болса, жегіш құрттарға қарсы шөптерден жасалған дәрі-дәрмектерін арасына сеуіп отырып, бүктей жинап қойған. Қорыта келе, тұскиіздің зиянынан пайдасы өте көп және халқымыздың асыл қазынасы ретінде сақтауға және кейінгі ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізуге тиіспіз деп ойлаймын. Жаттығудың мақсаты – пікірталасқа түсу арқылы заттық қасиеттерді ажырата білуге және ойын дәлелдеуге, ой тұжырымын жасай білуге үйрету. Сөздің мағыналарын игеруге, ғылыми тұжырымдар жасауға ынталандыру, ойды дәлелдей сөйлеуге маш

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: